АҚШ-пен тұтқын алмасуда 5 ирандықтың босатылатыны расталды
Қыр 13, 2023 11:00 Asia/Almaty
Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдігі бес америкалық тұтқынның босатылуы орнына бес ирандық тұтқынның босатылатынын растап, олардың есімдерін жариялады. Олар АҚШ санкцияларын заңсыз айналып өтті деген айыппен қамауға алынған болатын.
Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі сейсенбі күні: «Тұтқындар алмасу келісімінде жақын арада осы бес ирандық тұтқын босатылады, олардың кейбірі Америкада қалады, ал басқалары Иранға оралады»,- деп хабарлады. Иранның БҰҰ-дағы өкілдігінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл бес адам: Мехрдад Моин Ансари, Камбиз Аттар Кашани, Реза Сархангпур Кафрани, Амин Хасанзаде, Каве Лотфолла Афрасиаби.
Тегтер