Қыр 16, 2023 20:18 Asia/Almaty
  • Путин АҚШ-тың кассеталы бомбаларға қатысты екіжүзді саясатын сынады

Ресей Президенті АҚШ-тың кассеталы бомбаларға қатысты екіжүзді саясатын сынап: "АҚШ Украинаға кассеталы бомбалар береді. Ал негізі оларды қолдану заңсыз саналады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин Сочиде өзінің беларусь әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуінде: "АҚШ кассеталы бомбаларды пайдалануды қылмыс санайды, бірақ Украинада өзінің прокси күштері арқылы осы қаруды пайдаланады",-деді.

Путиннің айтуынша, АҚШ кез келген мәселені күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасап, экономикалық санкциялар салу арқылы шешуге тырысады.

Ресей Президенті өз сөзінің басқа бір бөлігінде Солтүстік Кореяның Украина соғысына қатысу үшін Ресей жеріне әскери күш орнатуды көздеп отырғаны туралы қауесетті негізсіз деп атады.

Тегтер