Қыр 17, 2023 16:41 Asia/Almaty
  • Ливиядағы су тасқынынан 6 күн өткенде бір жанұяның мүшелері үйінді астынан аман шықты

Сондай-ақ құтқару топтары бір баланы үйінді астынан тірі алып шықты.

Дернада су тасқыны болған аудандарда баяу да болса, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Құтқару топтарының айтуынша, қираған үйлерді лай мен балшық басқан. Бұл іздестіру жұмыстарын ауырлатып жатыр. Теңізде де адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы күнге дейін Дернадағы су тасқынынан 11300 адамның қаза тапқаны расталды. 10 мыңнан аса адамнан хабар жоқ. Осы күнге дейін су тасқынынан қаза тапқан 3500-ге жуық адам жерленді. Мүрделердің көптігінен түрлі аурулардың таралу ықтималы жөнінде ескертулер көбейді. 

Тегтер