Қыр 19, 2023 16:21 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Американың шиіттер ұйымымен ынтымақтастықты арттыруға дайын

Американың шиіт қауымы қамқоршылық кеңесінің бір топ мүшелері ИИР президенті тұратын қонақүйде доктор Раисимен кездесіп, сұхбаттасты.

Осы отырыста Ибрахим Раиси американдық шиіт қауымы өкілдерінің басқосуға қатысуына риза екенін білдіре отырып, осы ұйымның Әһле Бәйт мәдениетін кеңейту жолындағы қызметі мен іс-әрекеттері туралы есебін мақтауға тұрарлық деп санап, осы мәдениетті дамыту үшін америкалық шиа ұйымы мүшелерінің бірлігінің қажеттігін атап өтті. Раиси Құран Кәрімнің сапалық күштердің сандық күштерден артықшылығы туралы нұрлы аяттарына сілтеме жасап: «Тарихта нәтижелі ерлер мен әйелдер көп адамдармен тиімді бола алмағанымен, күшті ерік-жігерімен, ізгі ниетімен және жиһадтық рухымен Исламды алға жылжыта алды»,- деп сөзін жалғастырды.

 

Тегтер