Қыр 24, 2023 19:46 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Джорджия штатында болған атыстан 3 адам қаза тапты

АҚШ полициясы: "Сенбі күні Джорджия штатының Атланта қаласында 3 адам оқтан қаза тапты",-деді.

АҚШ-та қару-жарақ сату және сатып алу еркін болғандықтан ел ішінде қарулы қатыгездіктер мен атыс-тартыс салдарынан күн сайын адамдар құрбан болады.   

АҚШ пен әлемнің басқа елдерінің арасында қару-жараққа қатысты қатыгездіктердің статистикасын салыстыру барысында АҚШ-тағы жағдайдың ерекше екенін көрсетеді. Бұл елде қатыгез атыс фактілері әлемнің басқа елдерінен әлдеқайда көп.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бастапқы зерттеулер көрсеткендей бір қарулы адам басқа 2 адамға оқ атқан. Олардың бірі қарсы оқ атқан. Бұл шабуыл бір дүкенге жақын маңда орын алды. Үш адам да алған жарақаттарынан қаза тапты.  

Атыс шығарған адамның не мақсаты болғаны белгісіз.

Тегтер