Қыр 26, 2023 20:29 Asia/Almaty
  • Швецияда мешітті өртеп жіберді

Швецияның оңтүстік-шығысында бұрын да шабуылға ұшырап, қауіп төнген мешіт қасақана өртке оранғандықтан үлкен шығынға ұшырады.

 

Швеция мемлекеттік радиосының хабарлауынша, Эскильсту́на қаласында орналасқан осы мешіттің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Анас Динич: "Полиция тергеуі бұрын қауіп-қатерге ұшыраған бұл мешітке қасақана шабуыл жасалғанын көрсетті",- деді. Жергілікті полиция өз сайтында мәлімдеме жариялап, мешіттің шығын көруіне байланысты жарамсыз болып қалғанын және оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

600  мыңнан астам мұсылман өмір сүретін Швецияда соңғы уақытта мешіттер мен ислам елдерінің елшіліктерінің алдында Құранды қорлау оқиғалары жиі орын алып, бұл мұсылман әлемінде жаппай ашу-ызаны тудырып, кейбір астаналардың швед дипломаттарын шақыртуына себеп болды.

 

Тегтер