Қыр 28, 2023 18:47 Asia/Almaty
  • Иран: Украинадағы соғысты дереу тоқтату керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иран Украинадағы соғыстың тез арада тоқтатылғанын қалайды. Мұнымен бір мезгілде ол бұл соғысқа НАТО мен АҚШ себепкер болды деп есептейді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф кеше, сәрсенбі күні өз сөзінде ОАР-дың астанасы Йоханнесбургте өткен BRICS-ке мүше елдердің тоғызыншы парламентаралық ассамблеясында Украина соғысы мен тәуелсіз елдерде тұрақсыздық тудыруға бағытталған талпыныстарды халықаралық саясаттағы өкінішті жағдайдың екі үлгісі деп атап: "АҚШ – іс жүзінде Украинадағы соғысты тоқтатуға қарсы шығып, бітім формулаларының бәріне вето жариялап отырған басты ел",-деді.

Қалибаф халықаралық банкаралық жүйеге қосылуды Иранның халықаралық құқықтарының бірі деп атап: "АҚШ пен басқа да алпауыттар бұл инфрақұрылымды кепілге алып, басқа елдерді дәрі-дәрмек пен азық-түлікпен қамтамасыз етуге жол бермей отыр",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сондай-ақ ақлақ, мәдениет, руханият және діни ілімсіз экономикалық даму мен халықаралық  мәселелерді тұрақты түрде шешуге болмайтынын айтып: "Құран кітабын жағу сияқты ащы оқиғалар бізге әлем халықтарының назарын діни және гуманитарлық ілімдерге қайта аудару керегін көрсетеді",-деді.

Тегтер