Канани: Дипломатиялық үдеріс аясында әртүрлі жолдармен хат алмасу жалғасып жатыр
(last modified Mon, 02 Oct 2023 16:47:30 GMT )
Қаз 02, 2023 22:47 Asia/Almaty
  • Канани: Дипломатиялық үдеріс аясында әртүрлі жолдармен хат алмасу жалғасып жатыр

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран халқының мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған дипломатиялық үдеріс жалғасып жатыр. Бірақ біз мұны күтпейміз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани апталық баспасөз отырысында: "Біз барлық тараптардың, соның ішінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына жауапкершілікпен қайта келуін қалайтынымызды білдірдік. Келіссөздерді барлық тараптарды қайтару үшін қолайлы үдеріс деп санаймыз",-деді.

Канани: "АҚШ-пен де осыған қатысты келіссөздер бейресми түрде жүргізілді. Кейбір дос елдер тараптардың көзқарастарын жақындастыруға талпыныс жасады",-деді.

Канани: "Егер қарсы тарап міндеттемелерге берік боламыз деп ядролық келісімге қайта оралуға дайын болса, Иран тараптардың келісімге келуіне көмектесуге дайын. Бірақ шетелдік және халықаралық қарым-қатынастағы талпыныстарды тек "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына байланыстырып қоймайды",-деді.