Ильхам Әлиев Испаниядағы бесжақты кездесуге қатысудан бас тартты
(last modified Fri, 06 Oct 2023 12:21:36 GMT )
Қаз 06, 2023 18:21 Asia/Almaty
  •  Ильхам Әлиев Испаниядағы бесжақты кездесуге қатысудан бас тартты

Ильхам Әлиев Никол Пашинянмен кездеседі деп күтілген Испанияға сапарынан бас тартты.


 

Айтуларға сәйкес, бұған Франция билігінің Арменияға қару-жарақ пен оқ-дәрілерді дайындау және жіберуге қатысты мәлімдемелері және Түркияның бұл кездесуге қатыспауы себеп болып отыр.

Tasnim агенттігінің хабарлауынша, АПА ақпарат агенттігі Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің Гранадада кездесуден бас тартқанына өкініш білдіргенін және онымен кездесуде  маңызды құжатқа қол қоймақ болғанын мәлімдеді.

Әзірбайжан мен Армения басшыларының кездесуі 5 қазанда Испанияның Гранада қаласында Еуропалық саяси одақ саммиті аясында өтеді деп күтілген болатын.

APA ақпарат агенттігі сәрсенбі күні өз дереккөздерінен алынған ақпаратқа сілтеме жасай отырып, Әзірбайжанның Түркияның бұл кездесуге қатысуын ұсынғанын және оны талап еткенін жазды. Бірақ бұған рұқсат етілмеді және Әзірбайжанға ұсынылған бес жақты (Армения-Әзербайжан-Франция-Германия-ЕО) кездесуде Әзербайжанға қарсы атмосфераның қалыптасуына байланысты Баку кездесуге қатысудан бас тартты.