Қаз 12, 2023 19:43 Asia/Almaty
  • Washington Post:  Нетаньяху Байденді алдады; Байден ХАМАС шабуылы туралы мәлімдемелерінен бас тартты

Washington Post газетінің Ақ үйге сілтеме жасап хабарлауынша, Байден Хамастың басып алынған аумақтарға шабуылы кезінде жан түршігерлік суреттерді көргені туралы бұрынғы мәлімдемелерінен бас тартты.

Ақ үй: «Байден де, басқа шенеунік те мұндай суреттерді көрмеген және олар палестиналықтардың балалардың басын шауып алғаны туралы ақпараттың шынайылығын растамайды",- деді. Ақ үй Байденнің осы тұрғыда Нетаньяхудың баспасөз хатшысының мәлімдемелеріне және Израиль ақпарат құралдарының кейбір хабарлары мен жаңалықтарына сілтеме жасағанын баса айтты.

Палестина ақпарат орталығының хабарлауынша, америкалық бір шенеунік те «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында Байденнің Хамасқа қатысты ауыр қылмыстар туралы айтқан сөздерінің Израиль қайраткерлерінің мәлімдемелеріне негізделгенін баса айтты.

 

Тегтер