Қаз 14, 2023 21:08 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Израиль әскери ұшақтары Газадағы 5 мыңнан астам үйді қиратты

Біріккен Ұлттар Ұйымы сионистік режим жауынгерлерінің әскери ұшақтарының  Газа секторындағы 5 мыңнан астам үйді қиратқанын хабарлады.

 

"Әл-Маядиннің" жексенбі күнгі есебіне қарағанда, БҰҰ  Израиль әскери ұшақтарының Газа секторына жасаған шабуылдары нәтижесінде 5540 үй толығымен қирап, 3750 басқа үй зардап шеккенін жариялады. Осы хабарға сәйкес, сионистік режимнің әскери ұшақтары шәһидтердің мәйіттері осы ауруханаға әкелінуімен бір мезгілде Әл-Ақса шәһидтері ауруханасының айналасын нысанаға алуда. Сионистік режим ұшақтарынының шабуылдарынан аман қалғандардың саны өте аз. Өйткені бұл режим өлімге әкелетін қаруды қолданады. Мәйіттері Газа секторындағы ауруханаларға жеткізілген шәйіттердің барлығы бейбіт тұрғындар. Осы күнге дейін 11 медицина қызметкерінің шәйіт болып, 16-сының жараланғаны хабарланды. Сондай-ақ, 19 медициналық пункт пен 20 құтқару көлігіне айтарлықтай зиян келген.

 

Тегтер