Қаз 15, 2023 20:01 Asia/Almaty
  • Бүгін таңертең Гератта тағы жер сілкінді

Герат әкімшілігінің баспасөз өкілі бүгін таңертең болған жер сілкінісінен 1 адам қаза тауып, 35 адам жараланғанын хабарлап: "Қаза болғандар мен жараланғандар саны артуы мүмкін",-деді.

Ауғанстанның Герат облысында болған 6,4 баллдық жер сілкінісінің шығыны көп. Жер сілкінісі ошағы Гераттан 34 км қашықта жер бетінен 10 км тереңдікте болды деп жарияланды.

Жер сілкінісі бүгін Иранның шығысы мен солтүстік-шығысындағы бірнеше аудан, соның ішінде Тайбад, Торбат-е Джам, Хаф және Сарахста сезілді. Таңертеңнен бері Гератта жер сілкінісінен кейін бірнеше 5,5 баллдық афтер зілзала болды. Өткен аптаның сенбі күнінен бастап Гератта бірнеше рет 6 баллдан аса жер сілкінісі болды. Өткен аптада Герат облысының Зендеджан ауданында болған жер сілкінісінде 3 мыңға жуық адам қаза тауып, жараланды.

БҰҰ-ның Әйелдер мен балаларды қорғау қоры: "Ауғанстанның батысында болған жер сілкінісінен қаза болып, жараланғандың 90 пайызға жуығы – әйелдер мен балалар",-деді.

Тегтер