Қаз 18, 2023 19:53 Asia/Almaty
  • Иран БҰҰ-ның адам құқығына қатысты органдарына сионистік режимнің қылмыстары туралы хат жазды

Иранның Адам құқығы штабының хатшысы БҰҰ Бас хатшысы, Адам құқығы кеңесінің басшысы мен адам құқығын қорғау жоғары комиссарына жіберген хатында Израиль режимінің Палестина халқына қарсы шабуылдары мен қылмыстарын тоқтатуды сұрады.

Сионистердің Газаға шабуылдарының жалғасында осы күнге дейін 3 мыңнан аса адам шәһид болып, 12500-ден аса адам жараланды.  

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның адам құқығы штабының хатшысы Казем Ғарибабадидың хатында: "Сионистік режимнің Газадағы әл-Момадани ауруханасына жасаған шабуылы салдарынан мыңнан аса бейкүнә адам, көбі әйелдер мен балалар қанға бөкті. Бұл – бұрын-соңғы болмаған қылмыс. Бұл Палестинада, әсіресе Газа секторында этникалық және нәсілдік тазалаудың орын алғанын көрсетеді",-делінген.

Ғарибабади: "Халықаралық қауымдастық Палестина мәселесіне қатысты көзқарасын шұғыл түрде өзгертіп, Израиль режимінің Палестина халқына қарсы қылмыстарын тексеруі тиіс",-деді. 

Тегтер