Қаз 30, 2023 22:51 Asia/Almaty
  • Иран: АҚШ пен Еуропада адамгершіліктің өлгеніне байланысты барлық азат ойлы халықтарға көңіл айтамыз

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ пен Еуропада адамгершіліктің өлгеніне байланысты барлық азат ойлы халықтарға көңіл айтамыз",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ пен Еуропада адамгершіліктің өлгеніне байланысты барлық азат ойлы халықтарға көңіл айтамыз",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз конференциясында соңғы күндері 8 мыңнан аса палестиналықтың қаза тапқанына байланысты көңіл айтып: "Статистикалық мәліметтерде 3 мыңнан аса сәби мен 2 мыңнан астам оқушы қаза тапқаны айтылады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Балалардың шәһид болғанына байланысты Палестинаның сабырлы халқына көңіл айтамыз. АҚШ пен Еуропадағы кейбір елдерде адамгершіліктің өлгеніне байланысты Палестина халқын қолдайтын барлық азат ойлы халықтарға көңіл айтамыз",-деді.

Насер Канани Газаға гуманитарлық көмек жіберу туралы: "Осы уақытқа дейін Рафах шекаралық өткелінен өткен гуманитарлық көмек көлемі 100 жүк көлігінен аз",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ Президенті Джо Байденнің Иранға қатысты айыптары туралы: "Жауап екі-ақ сөзден тұрады: жетеді, тоқтат",-деді.

Тегтер