Иран мен Ирактың ортақ ұстанымы: Газаны бомбалау доғарылып, атысты тоқтату бітімі орнауы тиіс
(last modified Mon, 06 Nov 2023 10:13:49 GMT )
Қар 06, 2023 16:13 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирактың ортақ ұстанымы: Газаны бомбалау доғарылып, атысты тоқтату бітімі орнауы тиіс

Раиси Ирак Премьер-министрімен ортақ баспасөз конференциясында: "Екі елдің Палестина мәселесіне қатысты ұстанымы бір. Біз ортақ ұстанымдарымызды талқыладық. Газада бомбалау, жаппай қырып-жою және балаларды өлтіру тез арада доғарылып, атысты тоқтату бітімі орнатуы тиіс деген сенімдеміз",-деді.

Иран Президенті АҚШ-тың сионистік режимге барлау және қару-жарақ тұрғысынан көмектесіп жатқанына тоқталып: "АҚШ-тың үздіксіз қолдауы сионистік режимнің Газа халқын өршелене қыруына себеп болып отыр",-деді.

Раиси: "АҚШ Газада атысты тоқтату бітімін орнатуға көмектесуді көздеп отырмыз деп уәж айтады. Бірақ іс жүзінде БҰҰ қарарларына вето жариялап, сионистік режимге Палестина халқын қырып-жоюға жол ашып отыр",-деді.

Иран Президенті екіжақты қарым-қатынас жайлы: "Иран мен Ирактың байланыс деңгейі  күн өткен сайын жоғарылап келеді. Қауіпсіздік саласында Ирак Премьер-министрінің басқаруымен атқарылған маңызды шаралардың бірі – екі ел арасында, әсіресе Ирактың Күрдістан аймағында қауіпсіздікті сақтау туралы келісімшарт жасалуы",-деді.

Раиси: "Біз Иран мен Ирак арасында қауіпсіздік келісімшартының толық орындалуына бар күшімізді саламыз. Антиреволюционерлер мен оппозиционерлерді толық қарусыздандыру саласында жақсы қадамдар жасалды. Ирак үкіметінің Мұнафықтар мен антиреволюционерлерді қарусыздандырып жатқанына алғысымызды білдіреміз",-деді.

Тегтер