Ислам революциясының жетекшісі: Сионистерге қысымды күшейту үшін Ирак ислам әлемінде айрықша рөл ойнай алады
(last modified Mon, 06 Nov 2023 18:16:13 GMT )
Қар 07, 2023 00:16 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Сионистерге қысымды күшейту үшін Ирак ислам әлемінде айрықша рөл ойнай алады

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұхаммед Шиа Судани бастаған делегациямен кездесуінде Ирак үкіметі мен халқының Газа халқын қолдауда мықты позиция ұстанып отырғанына алғыс айтып, Газа халқын қырып-жоюды тоқтату үшін ислам әлемінің АҚШ пен сионистік режимге саяси қысымдарын арттыру керегін айтып: "Ирак аймақта бір маңызды ел ретінде бұл салада айрықша рөл ойнап, араб дүниесі мен ислам әлемінде жаңа стратегия тудыра алады",-деді.

Ол Газадағы аянышты жағдайға және онда жасалған қылмыстардың барлық еркін адамдардың жүрегін жаралағанына тоқталып: "Сионистік режим шабуыл бастаған алғашқы күндерден-ақ АҚШ-тың соғысты тікелей басқарып отырғаны байқалды. Соғыс созылғалы бері АҚШ-тың сионистік режимнің қылмыстарына тікелей жетекшілік етіп отырғанына дәлелдер күшейе түсті ",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі: "Егер АҚШ-тың саяси және әскери көмектері болмаса, сионистік режим соғысты жалғастыра алмайды",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Америкалықтар сионистердің Газадағы қылмыстарына ортақтасып отыр",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Газадағы қырғындарға қарамастан, сионистік режим әлі де жеңіліс табуда. Өйткені ол айырылған абыройын қайтара алмады. Болашақта да қайтара алмайды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Газаның бомбалануын тоқтату үшін АҚШ пен сионистік режимге саяси қысымдарды арттыру үшін жан-жақты талпыныстар жасау керегін айтып: "Иран мен Ирак бірлесе әрекет етіп, бұл салада ықпалды рөл атқара алады",-деді.  

Аятолла Хаменеи сондай-ақ Иран мен Ирактың экономика және қауіпсіздік салаларындағы жан-жақты әріптестігі туралы: "Құдайға шүкір, жұмыс жүріп жатыр. Тек келісімдерді орындау бәсеңдемей, алғашқы қарқынмен жалғасуы тиіс",-деді.

Тегтер