Қар 12, 2023 19:51 Asia/Almaty

Кеше Джакартада 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футболдан өткен 19-шы әлем чемпионатында Иран командасы бірінші ойынында Бразилия командасын 3:2 есебімен жеңді.

Үшінші топтағы ойында Ұлыбритания Каледония командасын 10:0 есебімен жеңді. 23 және 26 абанда Иран командасы Ұлыбритания және Каледония командаларымен ойнайды. Бірақ Иранның Бразилия командасын жеңуі әлемдік медиада көп таралды. FIFA Хұсейн Абди шәкірттерінің тарихи жеңісі туралы "Екінші таймда Иранның ерекше қайта оралуы Бразилияны таң қалдырды" деген тақырыпта мақала жазып: " 17 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының тарихында Иран ең ерекше қайта оралулардың бірін тіркеді",-деді.

Төртінші топта Жапония Польшаны 1:0 есебімен жеңсе, Аргентина Сенегалдан 2:0 есебімен жеңілді.         

Тегтер