Ирактың исламдық қарсыласу тобы Сирияның шығысындағы АҚШ-тың базасына жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды
(last modified Mon, 13 Nov 2023 16:04:27 GMT )
Қар 13, 2023 22:04 Asia/Almaty
  • Ирактың исламдық қарсыласу тобы Сирияның шығысындағы АҚШ-тың базасына жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды

Ирактың исламдық қарсыласу тобы дүйсенбі күні таңертең мәлімдеме таратып, Сирияның шығысындағы АҚШ-тың базасына жасалған шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.

IRNA ақпарат агенттігінің ирактық ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Ирактың исламдық қарсыласу тобы осы мәлімдемеде: "Біздің жауынгерлеріміз дронды пайдаланып, Сирияның әл-Қария әл-Хазра ауылындағы америкалық базаға шабуыл жасады. Дрон нысанаға дөп тиді",-деді.

АҚШ қырғи ұшақтарының Сирияның шығысына жасаған әуе шабуылдарына жауап ретінде осы аймақтағы АҚШ базасы екінші рет дрондық шабуылға ұшырап отыр.

Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, АҚШ қырғи ұшақтарының Сирияның шығысына жасаған әуе шабуылдарына жауап ретінде осы елдің солтүстік-шығысындағы Хасака облысында орналасқан АҚШ-тың әл-Шаддади базасына 3 дронмен шабуыл жасалды.

Бірнеше сағат бұрын Ирактың исламдық қарсыласу тобы "әл-Конико" мұнай кенішіндегі АҚШ әскери базасына 15 зымыран атты.

Бұл екі шабуыл АҚШ армиясының Сирияның шығысындағы әл-Майадин мен әл-Букамал қалаларына 2 рет әуеден шабуыл жасағанына жауап ретінде жасалды.   

Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, "әл-Конико" мұнай кенішіндегі АҚШ әскери базасына жасалған шабуылда 4 адам қаза тапты.

Тегтер