Иран Сыртқы істер министрінің БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасарымен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i73770-Иран_Сыртқы_істер_министрінің_БҰҰ_Бас_хатшысының_гуманитарлық_істер_жөніндегі_орынбасарымен_кездесті
ИИР Сыртқы істер министрі Женевада БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасарымен кездесіп, Газадағы жағдайды талқылады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қар 15, 2023 22:25 Asia/Almaty
  •  Иран Сыртқы істер министрінің БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасарымен кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Женевада БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасарымен кездесіп, Газадағы жағдайды талқылады.

  191  

 


 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газадағы ағымдағы жағдай бойынша консультацияларын жалғастыру мақсатында Женеваға барған Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан бүгін (сәрсенбі) БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер және төтенше көмек жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитспен кездесіп, сөйлесті.

Иран Сыртқы істер министрі Палестинадағы өзгерістер мен "әл-Ақса дауылы" операциясы және сионистердің Газаға шабуыл жасау және осы аймақты қоршауды күшейту арқылы  басталғалы бері кейбір ықпалды халықаралық әріптестерімен және лауазымды тұлғалармен телефон арқылы кеңесіп отырды. Осыған байланысты ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысына, Ватикан Сыртқы істер министріне, БРИКС елдерінің сыртқы істер министрлеріне, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрікке хат жазды.