Қар 26, 2023 18:35 Asia/Almaty
  • Марокколықтар өз үкіметінен сионистік режиммен қарым-қатынасты үзуді талап етті

Марокконың бірнеше қаласында, соның ішінде ел астанасы Рабат пен Танджердегі шерушілер сионистік режимге қарсы ұрандар айтып, осы режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды Палестинаны басып алу және халықты жаппай қыруды жалғастыру деп атады.

Ұлыбритания мен Шотландияның бірнеше қаласында палестиналықтарды қолдау мақсатында шерулер өтті. Лондонда сионистік режимге қарсылар  палестиналықтарды жаппай қыруды айыптады. Түрлі дін өкілдерінің қатысуымен өткен бұл жиында шерушілер Палестина жерін азат ету және Батыс елдері, соның ішінде Ұлыбритания үкіметінің сионистік режимді қолдауды доғаруын талап етті.

Германияның астанасы Берлинде Газа секторындағы соғысқа қарсы ең ірі шеру өтті. Шерушілер Германияның сионистік режимді қару-жарақпен қамтамасыз етуін тоқтатуы керегін айтып, Берлин үкіметінің Тель-Авивті қолдап отырғанын айыптады. 

Тегтер