Иран елшісі Вашингтонның Теһранға қарсы негізсіз айыптауларын тағы да  жоққа шығарды
(last modified Wed, 29 Nov 2023 13:11:06 GMT )
Қар 29, 2023 19:11 Asia/Almaty
  • Иран елшісі Вашингтонның Теһранға қарсы негізсіз айыптауларын тағы да  жоққа шығарды

Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Вашингтонның Теһранға қарсы негізсіз айыптауларын тағы да жоққа шығарып: «Иран ешқашан Америка күштеріне қарсы ешқандай шабуылға қатысқан емес",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амир Саид Иравани кеше, сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің Батыс Азиядағы жағдайға байланысты отырысында: "Бұл негізсіз айыптаулар АҚШ-тың Сирия Араб Республикасындағы халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын өрескел бұзудан  көңілді басқа жаққа аударуына бағытталған қасақана әрекетінің бір бөлігі сияқты. АҚШ Сириядағы лаңкестікпен күресіп жатырмыз деп мәлімдейді. Негізінде оның Сириядағы заңсыз әрекеттері АҚШ пен Израиль режимінің аймақтағы саяси күн тәртібін ілгерілету үшін лаңкестік ұйымдарға қолсұқпайшылық пен қорғаныс қалқаны болып табылады",- леп мәлімдеді.

 

Тегтер