Жел 11, 2023 20:00 Asia/Almaty
  • Әлемнің азат халықтары халықаралық ұйымдардың Израильдің қылмыстарына қатысты әрекетсіздігінен жалықты

БҰҰ-ның адам құқығын қорғау штабы 10 желтоқсан Халықаралық адам құқығы күніне орай жасаған баяндамасында: "Әлемнің азат халықтары халықаралық ұйымдардың Израильдің қылмыстарына қатысты әрекетсіздігінен жалықты",-деді.

БҰҰ-ның адам құқығын қорғау штабы Дүниежүзілік адам құқығы декларациясының бекітілгеніне 75 жыл толу рәсімінде жасаған баяндамасында: "Бұл күні тойлау, құттықтау және қуануға еш негіз жоқ, өйткені әлемнің түкпір-түкпіріндегі азат халықтар адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын халықаралық ұйымдар мен елдердің Израильдің қылмыстарына қатысты әрекетсіздігінен жалықты",-деп мәлімдеді.

Осы мәлімдеменің жалғасында: "Қазір әлем сионистік режимнің Газада геноцид, адамзатқа қарсы соғыс қылмыстарын жасап жатқанына куә болып отыр. Ашық аспан астындағы ең ірі түрмеде тұратындардың өмір сүру құқығы, адамның қадір-қасиеті, меншік құқығы, еркін жүріп-тұру құқығы, денсаулық сақтау және медициналық қызмет алу құқығы, таза тұщы су тұтыну құқығы, білім алу құқығы, үйге ие болу құқығы, өз тағдырын анықтау құқығы және т.б. күн сайын бұзылады",-делінген.

Тегтер