Жел 15, 2023 16:41 Asia/Almaty
  • Иран мен Алжир Парламенттерінің төрағалары Газа секторында сионистердің қылмыстарын тоқтату керегін баса айтты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестина халқын қолдауға бағытталған практикалық шешім жолдарын талқылау үшін ислам елдері Парламенттері төрағаларының деңгейінде Палестина тұрақты комитетінің төтенше отырысын ұйымдастыруға дайын екенін хабарлады.

Мұхаммед Бағер Қалибаф бейсенбі күні Алжир Парламентінің төрағасы Брахим Бугалимен телефон арқылы сұхбатында сионистік режимнің Палестина халқын, әсіресе Газа секторындағы әйелдер мен балаларды қырып-жоюын жалғастырып жатқанына тоқталып: "Иран Парламенті Палестина халқын қолдауға бағытталған практикалық шешім жолдарын талқылау үшін ислам елдері Парламенттері төрағаларының деңгейінде Палестина тұрақты комитеттінің төтенше отырысын ұйымдастыруға толық дайын",-деді.

Алжир Парламентінің төрағасы ИИР-ға Палестина халқының арманын қолдаудағы кесімді позициясы үшін алғыс айтып: "Газа соғысында көптеген бейкүнә адамның қаны төгіліп, ауруханалар, мешіттер, шіркеулер мен тұрғын үйлер қиратылғанымен, палестиналықтардың арманы өз орнына қайта оралды",-деді.

Брахим Бугали Израильге қолдау білдіріп отырған АҚШ-тың әрекетін сынап: "Әлем халықтары АҚШ-тың антигуманистік қатынасына қарсылық білдіріп, оны айыптап, Палестина халқына қарсы геноцидті тоқтату керегін баса айтып отыр",-деді.

Тегтер