Амир Абдуллахиан: Иран мен Ирак қарым-қатынасының даму үдерісі екі ел мен аймақтың мүддесіне сай келеді
(last modified Fri, 15 Dec 2023 13:19:13 GMT )
Жел 15, 2023 19:19 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Ирак қарым-қатынасының даму үдерісі екі ел мен аймақтың мүддесіне сай келеді

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ирактың бауырластық қатынасының тереңдігіне тоқталып, екі ел байланысының түрлі салаларда қарқынды дамып жатқанына ризалық білдіріп, бұл қатынасты екі ел мен аймақтың мүддесіне сай деп атады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Женевада "Басып алынған Палестина жеріндегі адам құқығының жағдайы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және халықаралық гуманитарлық құқық" атты отырыс аясында Ирактың Күрдістан аймағының Ішкі істер министрі Ребар Ахмед Халидпен кездесуінде Иракқа екі ел арасындағы қауіпсіздік келісімін орындауға бел байлап отырғаны үшін алғыс айтып, ортақ шекараны сауда мен экономикасы гүлденген шекараға айналдырудың екі ел мүддесіне сай келетінін айтты.

Ребар Ахмед Халид Иран мен Ирак қарым-қатынасын үлгі тұтарлық деп сипаттап, екі ел арасында қол қойылған қауіпсіздік келісіміне тоқталып, Күрдістан аймағының осы келісімді толық орындауға дайын екенін айтып: "Шекара қауіпсіздігі – басты басымдық. Кейбір бұрынғы қауіпсіздік мәселелері ешқашан ортақ шекараларға қайтып оралмайды",-деді.  

Тегтер