Жел 18, 2023 16:56 Asia/Almaty
  • Трамп: Мигранттар еліміздің қанын улайды

АҚШ-тың бұрынғы президенті жанжалды мәлімдеме жасап, шетелдік мигранттардың АҚШ-қа кіруіне қарсылық білдіріп: "Олар осы елдің қанын улайды",-деді.

NBC News-тың хабарлауынша, Дональд Трамптың АҚШ-қа келетін мигранттарға тіл тигізе сөйлегені оның басты демократ бәсекелесі қазіргі президент Джо Байденнің қатаң сынына ұшырады.

Трамп жақтастары алдында сөйлеген сөзінде Байден үкіметіне қаратып: "Олар елге мигранттардың келуіне рұқсат берді. Олардың шынайы саны 15-16 млн адам деп ойлаймын. Бұл адамдар біздің еліміздің нәсілін бұзады",-деді.

 

Тегтер