Жел 22, 2023 15:29 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Иранмен қарым-қатынасын сақтау үшін АҚШ-тың коалициясына қосылмады

Reuters ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының АҚШ бастаған теңіз коалициясына қосылмау себебін Иранмен қатынасын бұзуды қаламауы деп түсіндірді.

Сауд Арабиясы америкалық қару-жарақтармен жарақталған армияға ие болса да, шамамен 9 жыл бұрын Йеменнің хуситтеріне (Ансаролла) қарсы соғыс бастаса да, Қызыл теңіздегі айлақтардан келетін импорттық тауарлардың 36 пайызына тәуелді болса да, эр-Рияд пен оның Парсы шығанағындағы одақтастары аталмыш коалицияға қосылуға ынта танытпады.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, коалицияға қосылмаудың басты себебі Сауд Арабиясының Йемен соғысынан шығуға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясынан алшақтау ықтималы және Иранмен арада текетірес туындайтынына алаңдауы болып отыр.  

Тегтер