АҚШ Қызыл теңізде екі танкерге дрондық шабуыл жасалғанын хабарлады
АҚШ-тың орталық басқармасы: "Үндістанның туымен жүрген габондық танкер мен Норвегияның туымен жүрген басқа бір танкер йемендік дрондардың шабуылына ұшырады",-деп мәлімдеді.
АҚШ шабуылдың егжей-тегжейіне тоқталмастан: "Осы екі шабуылда ешкім жараланған жоқ",-деп хабарлады.
Йемен қазірге дейін бұл хабарға реакция білдірмеді. Вашингтон сондай-ақ Қызыл теңізде төрт дронның құлатылғанын хабарлады. АҚШ-тың айтуынша, бұл дрондар америкалық кемелерді нысанаға алу үшін жіберілген, бірақ нысанаға тимей тұрып құлатылды.
Кеше Үнді мұхитында да бір сауда кемесі шабуылға ұшырап, өртке оранды.
АҚШ Қызыл теңізде 10 елден тұратын теңіз коалициясын құрдық деп жариялағанына екі апта өткенде теңізде түрлі оқиғалар көбейіп кетті. Әрине Ұлыбританияның Daily Express газетінің жазуынша, Франция, Испания мен Италия бұл коалициядан шықты.