Жел 25, 2023 22:20 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранның

Иранның "Дөңгелек және дала" (Чарх вә биабан) қысқа метражды фильмі Қазақстанның 11-ші Bastau халықаралық фестивалінде ең үздік қысқа метражды фильм жүлдесін жеңіп алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Реза Сабетпурдың режиссерлігімен түсірілген бұл қысқа метражды фильм Қазақстанның 11-ші Bastau халықаралық фестивалінде ең үздік қысқа метражды фильм жүлдесін жеңіп алды.

Айдаладағы қараусыз қалған жолда түсірілген "Дөңгелек және дала" фильмінің сюжеті бойынша, бензин сатушы жаралы адамға көмектесіп, су апару үшін өз дүкеніне қайтып оралады, бірақ әлгі адамның ұрлықшы екенін түсінеді, сол кезде ойын өзгереді...

Бұл фильм осы күнге дейін Үндістанда өткен 25-ші халықаралық  кинофестивалі, Италияда өткен 20-шы Саленто халықаралық кинофестивалі және АҚШ-та өткен 22-ші Route 66 халықаралық кинофестиваліне қатысқан. Енді Түркияда өтетін 8-ші Golden Baklava халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі.

Сондай-ақ 2024 жылы қаңтарда Үндістанның Раджистан штатында өтетін халықаралық кинофестивальдің басты сайысына қатысады.

Тегтер