Йеменнің Сана қаласында Газаға қолдау ретінде ауқымды шеру өтті
Қаң 05, 2024 16:05 Asia/Almaty
Бүгін Йеменнің Сана қаласында сейіт Абдул-Малик Хусидің шақыруымен Газаға қолдау ретінде және АҚШ-тың теңіз коалициясына қарсы ауқымды шеру өтті.
Бүгін, жұма йемендіктер сионистік режимнің Газадағы қылмыстарын айыптап, АҚШ-тың Қызыл теңіздегі коалициясына қарсы ұстанымдарын білдіріп шеру өткізді.
Al-Masirah арнасының хабарлауынша, бүгін Санада ондаған мың адам көшеге шығып, Йемен Қарулы күштерінің израильдік кемелер немесе басып алынған Палестинаға бағыт алған кемелердің өтуіне тосқауыл қоюына қолдау білдірді.
Бүгін жұма намазынан кейін Йеменнің басқа қалаларында да сейіт Абдул-Малик Хусидің шақыруымен шерулер өтті.