Трамп пен Байден гипотетикалық бәсекеде тең дауыс жинады
(last modified Thu, 11 Jan 2024 09:12:47 GMT )
Қаң 11, 2024 15:12 Asia/Almaty
  • Трамп пен Байден гипотетикалық бәсекеде тең дауыс жинады

Жаңа сауалнама нәтижесі бойынша, Джо Байден мен Дональд Трамп президент болуға қатысты гипотетикалық бәсекеде тең дауыс жинады.

IPSOS сараптамалық компаниясы тарапынан өткізілген жаңа сауалнама нәтижесі көрсеткендей, АҚШ-тың қазіргі басшысы Джо Байден мен бұрынғы басшысы әрі 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға республикашылар атынан үміткер болуы мүмкін Дональд Трамп сайлауды тең жағдайда бастайды.

Дүйсенбі күні Айова штатында Республикашылар партиясының үміткерін анықтау үшін ресми бәсеке басталады. Сауалнамаға қатысқандардың 35 пайызы Джо Байденге, тағы 35 пайызы Трампқа дауыс беретіндерін айтты.

Дауыс берушілердің үштен бірі екі үміткерді де қолдамайтындарын айтты. 13 пайызы сайлауға мүлде қатыспайтындарын мәлімдеді. 9 пайызы басқа үміткерлерге дауыс беретіндерін айтса, 8 пайызы кімге дауыс беретінін әлі шешпегендерін жеткізді.