Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты кеңесінің басшысы болып тағайындалды
(last modified Thu, 11 Jan 2024 15:59:46 GMT )
Қаң 11, 2024 21:59 Asia/Almaty
  • Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты кеңесінің басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты кеңесінің басшысы болып тағайындалды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты кеңесінің 2024 жылғы алғашқы жиналысы басталды. Осы ұйымды басқару Беларусьтан Қазақстанға тапсырылды.

Марат Сыздықов 2014-2019 жылдары Ресей федерациясындағы Қазақстан республикасының кеңесші-министрі, 2019 жылдан бастап Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты кеңесі мүше елдердің қабылдаған шешімдерін үйлестірумен айналысады.