Қаң 11, 2024 22:40 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иран мен Алжирдің парламентаралық қатынасының дамуы екі елдің экономикалық дамуына септігін тигізеді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф: "Иран мен Алжирдің парламентаралық қатынасының дамуы екі елдің экономикалық дамуына септігін тигізеді",-деп үміт білдірді.

Алжир Парламентінің төрағасы Ибрагим Бугали осы кездесуде Иран үкіметінің жылы қабылдағанына алғыс айтып: "Палестина мәселесі Алжир үшін тек идеологиялық мәселе емес, екі елдің арасында тарихи байланыс бар. Тіпті Палестинада алжирліктердің атымен бір аудан бар. Сионистік режиммен күрес жолында шәһид бердік. Олардың қабірі қасиетті Құдста орналасқан",-деді.

Алжир Парламентінің төрағасы сионистік режимнің Палестинаға қарсы ауыр қылмыстар жасап жатқанын айтып: "Ислам елдері үшін мұның өзі сионистік режимге қарсы тұруға жеткілікті болуы тиіс. Өйткені АҚШ оларға қолдау көрсетпегенде олар ешқашан қылмыс жасауды жалғастырмас еді",-деді.

Ибрагим Бугали бүгінде Палестина арманының исламдық арман ғана емес, адами арман екенін айтып, оны орындау үшін араб елдері арасында бірлік болуы тиістігіне тоқталып: "Араб емес және мұсылман емес кейбір елдер, соның ішінде  Оңтүстік және Орталық Америка елдері, тіпті кейбір еуропалық елдер сионистік режимге қарсы мықты ұстаным қабылдады. Ал осы тұрғыда кейбір араб және ислам елдерінің ұстанымы әлсіз. Сондықтан бүкіл араб және ислам елдері астанасы Құдс болатын Палестина мемлекеттін құру үшін бірігуі керек",-деді.

Ибрагим Бугали Иранды бір экономикалық алпауыт деп атап, бұл елде мүмкіндіктердің мол екенін айтып: "Біз Иранның әлеуеттерін пайдалана отырып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, екі елдің экономикасын дамыта аламыз",-деді.  

Алжир Парламентінің төрағасы өз елінің Палестина мәселесін түбегейлі мәселе деп санайтынын айтып: "Біз Иранның Палестинаға қатысты кесімді де әділетті позициясын мақтан тұтамыз",-деді. 

Тегтер