Ислами: Палестинаның жағдайы әлемге Израиль режимінің болмысын көрсетті
(last modified Sun, 14 Jan 2024 12:31:57 GMT )
Қаң 14, 2024 18:31 Asia/Almaty
  • Ислами: Палестинаның жағдайы әлемге Израиль режимінің болмысын көрсетті

Иран Атом қуаты ұйымының басшысы сионистік режимнің ізін аймақтағы көптеген қайшылықтардан көруге болатынын айтып: "Палестинаның жағдайы бүкіл әлемге Израиль режимінің болмысын көрсетті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Ислами сенбі күні кешке "Палестина уақыты бойынша" атты телебағдарламада: "Израиль режимі әрдайым палестиналықтарды террорист деп санап, оларға қарсы қылмыс жасауға құқылымыз деп ойлаған. Бірақ әлемде жағдай өзгерді. Қазір шындыққа жақын ақпарат таралып жатыр",-деді.

Мұхаммед Ислами сионистік режимнің қолындағы қару-жарақтар саны туралы: "Баспасөз беттерінде жарияланған статистика бойынша, Израильде 13 мыңнан аса қару-жарақ пен 220 ядролық оқтұмсық бар",-деді.

Мұхаммед Ислами осы күнге дейін сионистік режимнің қоймалары тексерілмегенін айтып: "Сионистік режим өзінің ядролық бағдарламасын жарияламағандықтан және АҚХА-ға мүше болып кірмегендіктен осынша ядролық қаруға ие болып отыр",-деді.

Мұхаммед Ислами: "Олар өз билігін сақтау үшін илаһи кітапты бұрмалап, ядролық қару жасауды ақтап алып отыр",-деді.

Тегтер