Қаң 17, 2024 19:20 Asia/Almaty
  •  Иран полициясы  Қытаймен екіжақты ынтымақтастық саласында ортақ ғылыми топ құруға дайын

ИИР Полиция күштері Бас қолбасшысы Қытайға сапары барысында полицияның екіжақты ынтымақтастық саласында ортақ ғылыми топ құруға дайын екенін мәлімдеді.

 

Қытай Халық Республикасына сапары барысында Сардар Ахмадреза Радан осы елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Технологияларды зерттеу орталығының басшысымен кездесіп, осы орталықты аралау барысында ол полицияның міндеттеріне сәйкес соңғы ғылыми-техникалық және технологиялық жаңалықтардан хабардар болды.

Сардар Радан: "Соңғы техникалық, ғылыми, зияткерлік және зерттеу технологияларын және бұл мүмкіндіктерді пайдалану өте қызықты, Иран полициясы осы саладағы бірлескен екіжақты ынтымақтастыққа дайын",- деді.

ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі Технологияларды зерттеу орталығының басшысы да былай деді: "Қылмыстың пайда болуымен күресуде әртүрлі қиындықтар бар, сондықтан ғылыми технологияларды пайдалану полицияға үлкен көмек болып табылады және біз өзіміздің қабілеттілік деңгейімізді арттыру үшін Иран полициясының құнды тәжірибесін пайдалануды жалғастырамыз".

 

Тегтер