АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы шабуыл жасады
(last modified Thu, 18 Jan 2024 16:22:52 GMT )
Қаң 18, 2024 22:22 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге тағы шабуыл жасады

Йеменнің ақпарат көздері осы елдің бірнеше қаласы мен ауданының АҚШ пен Ұлыбританияның шабуылдарына ұшырағанын хабарлады.

Al-Masirah ақпарат арнасының бейсенбі таңертең хабарлауынша, АҚШ пен Ұлыбританияның әл-Ходейда, Саада, Таез, Замар және әл-Бейда облыстарына әуе шабуылдары жалғасып жатыр.

Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, Йеменнің солтүстігінде орналасқан Сааданың Маджаз ауданындағы Тахайа елді мекені АҚШ пен Ұлыбританияның әуе шабуылдарына ұшырады.

Осы уақытқа дейін бұл әуе шабуылдарының ықтималды адам және материалдық шығыны туралы ақпарат жарияланбады.