Қаң 20, 2024 16:44 Asia/Almaty
  • Иран Азия Ұлттар кубогының 1/8-ші кезеңіне шықты / Иран-Гонконг 1:0

Иранның ұлттық футбол командасы Азия Ұлттар кубогының екінші ойынында Гонконгты жеңіп, кубоктың 1/8 кезеңіне шықты.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның ұлттық футбол командасы Азия Ұлттар кубогының екінші матчында және С тобындағы жарыстарда Сириядан келген төреші Хана Хаттабтығ бақылауымен «Халифа» стадионында Гонконг құрамасымен ойнап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші тур ойындарының қорытындысы бойынша С тобында Иран ұлттық құрамасы 6 ұпаймен кестенің басында, Біріккен Араб Әмірліктері 4 ұпаймен екінші орында, Палестина бір ұпаймен үшінші және Гонконг ұпайсыз төртінші орындарда.

 

Тегтер