Қаң 23, 2024 20:21 Asia/Almaty
  • Украинаға әскери көмек жіберу арқылы Польша Ресеймен қарсыласуда

Украина президентімен кездесу барысында Польша премьер-министрі Ресеймен соғысып жатқан бұл елге жаңа қару-жарақ көмегін жариялады.

 

«Украина үкіметі» сайтының хабарлауынша, осы келіссөздерден кейін Зеленский Польшадан жаңа қару пакетін алатынын мәлімдеді. Тусктің Киевке сапары барысында олар екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Зеленский: "Біз Польшадан жаңа әскери пакет аламыз. Біз мұндай тұрақты қолдауды бағалаймыз»,- деді.

Бұл хабарға сәйкес, Батыс елдері Украина армиясына истребительдер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жіберуге уәде бергенімен, бұл әскери техникаларды жеткізу баяу жүріп жатыр. Жақында даниялық ақпарат құралдары Украинаға 2023 жылдың соңына дейін жөнелтілуі тиіс 6 F-16 жойғыш ұшағын жеткізудің тағы да кешіктірілгенін хабарлады.

Германия Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері Ресей армиясы қазір Украинадағы соғыста бастаманы қолға алып жатқанын айтады.

 

Тегтер