Қаң 24, 2024 16:08 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Нетаньяху соғыс арқылы өзінің саяси ғұмырын ұзартуды көздеп отыр

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында Израиль режимінің тек аймақтық дағдарыстар арқасында сақталып тұрғанына тоқталып: "Нетаньяху соғыс арқылы өзінің саяси ғұмырын ұзартуды көздеп отыр",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сейсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Батыс Азиядағы, әсіресе Палестинадағы жағдайды талқылауға арналған жиналысында мүше елдердің Сыртқы істер министрлері ортасында: "Сионистік режим жалған ақпаратты пайдалану арқылы халықаралық қауымдастықтың назарын АҚШ-тың қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында жасап жатқан геноцид пен жаппай қырып-жоюдан алшақтатуға талпынып келеді",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Израиль режимі басып алынған Палестинада жасалған қылмыстарға толық жауапты. Режим жасаған соғыс қылмыстары мен геноцид БҰҰ және басқа адам құқығын қорғау ұйымдары тарапынан толық тіркелді. Бұл қазіргі заман тарихында толық тіркелген геноцид болып отыр",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Басқаларды ұстамды болуға шақырудың орнына АҚШ Израиль режимін соғысты тоқтатуға мәжбүрлеуі керек еді. АҚШ сионистік режимнің оны әртүрлі қақтығыстарға тікелей қатыстыру үшін құрған тұзағынан босап шығуға талпынуы керек",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Палестина мәселесінің жалғыз тұрақты шешім жолы – барлық палестиналықтардың қатысуымен референдум өткізу",-деді.  

Тегтер