БҰҰ-дағы Иран өкілі: Иранның Иорданиядағы шабуылдарға еш қатысы жоқ
(last modified Mon, 29 Jan 2024 10:08:14 GMT )
Қаң 29, 2024 16:08 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Иран өкілі: Иранның Иорданиядағы шабуылдарға еш қатысы жоқ

БҰҰ-дағы Иран өкілі The Wall Street газетіне берген сұхбатында: "Иранның Иорданиядағы шабуылдарға еш қатысы жоқ",-деді.

БҰҰ-дағы Иран өкілі: "АҚШ армиясы Ирак пен Сирияда қарсыласу топтарына қарсы қақтығыстарды бастады. Олардың арасында мұндай шабуылдар екі жақтан да болып тұрады",-деді.

Бұған дейін Reuters агенттігі бір америкалық шенеунікке сілтеме жасап, Иранның америкалық базаға шабуыл жасамағанын хабарлады. Олардың өздері ирандық күштердің Иорданиядағы америкалық базаға қарсы дрондық шабуыл жасағанына сенбейді.

АҚШ-тың әскери қайраткері жексенбі күні кешке: "Түнде Иорданиядағы АҚШ базасына жасалған шабуылда 3 сарбаз қаза тауып, кемінде 34 адам жараланды",-деп хабарлады.   

Тегтер