Ақп 04, 2024 18:21 Asia/Almaty
  • Путин Украинамен соғысты

Ресей Президенті Владимир Путин президенттік сайлауда қайта жеңіске жету үшін бастаған науқан барысында Ресейді сақтап қалу жолындағы Украина соғысының маңызы туралы айтты.

Путиннің Ресейде өтетін президенттік сайлауда жеңіске жету ықтималы зор, ол тағы бір мерзімге сайланатыны анық.

Путин Мәскеудің Украинадағы амалдарын Ресейді сақтап қалу жолындағы соғыс деп атап, өзінің соғыс барысында таңдаған бағытын Ресей халқының басым көпшілігі қолдайтынын айтты.   

Путин: "Егер халық бұлай ойламаса, ештеңе болмас еді. Халық бізден не күтеді, біз соны істейміз",-деді.

Путин: "Украинаның шығысындағы орыс халқын қорғау және АҚШ пен НАТО-ның Мәскеудің маңызды қауіпсіздік мүдделеріне шабуыл жасауға талпыныстарын тоқтату үшін  Ресей күштерін Украинаға жіберу керек",-деді.

Путин: "Егер өз халқымызды қорғамасақ, өз-өзін қамтамасыз ете алмайтын әлсіз елге айналар едік. Ешкім бізге маңыз бермес еді",-деді.  

Тегтер