Ақп 14, 2024 22:20 Asia/Almaty
  • Мәскеу соты Meta компаниясының баспасөз хатшысы Энди Стоунды қамауға алуға сырттай үкім шығарды

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Энди Стоунға қатысты үкім оның терроризмге қатысы бар деген айыппен шығарылды.

Мәскеудің аудандық соты былтыр: "Энди Стоун Кремльге қарсы лаңкестік әрекеттерді таратты және экстремистік әрекеттерге ынталандырды деп айыпталып, қудалауға ұшырады",-деп мәлімдеді.  

Екі жылдан бері ресейліктердің Meta-ға қатысты позициясы қаталданып, елде Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне тыйым салынды.  

 

Тегтер