Ақп 15, 2024 22:09 Asia/Almaty
  • Путин АҚШ сайлауында Байденді жақтайды

Ресей Президенті Джо Байденді АҚШ-ты басқаруға лайықты үміткер деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин Мәскеуде "Болашақ технологиялар" атты форум аясында сөйлеген сөзінде: "Ресей үкіметіне АҚШ-тың болашақ Президенті ретінде Дональд Трамптан гөрі Джо Байден қолайлы",-деді.   

Путин: "Байденнің тәжірибесі молырақ. Ол ескі мектептің саясаткері. Алайда АҚШ халқы өзінің болашақ президентін өздері таңдауы тиіс",-деді.

Ресей Президенті АҚШ-тың бұрынғы Президентінің НАТО туралы сөздеріне тоқталып: "Трамптың НАТО-ға қатынасында ерекше қисын бар. НАТО – АҚШ-тың сыртқы саясатының құралы",-деді.

Түрлі партиялардың үміткерлері биыл қараша айында АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға дайындалып жатыр. Әзірге Республикашылар партиясында Дональд Трамп алда келеді.   

Тегтер