Ақп 16, 2024 15:14 Asia/Almaty

БАӘ-де өтіп жатқан жағажай футболынан әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Иран командасы Испанияны жеңді.

Ойын 6:6 тең есеппен аяқталды, бірақ пенальти соққылары кезінде 1:3 гол соғылып, Иран жалпы 7:9 есебімен басым түсіп, бір ұпай жинады.

Ертең Иран командасы Аргентинамен бақ сынасады. Осы топтағы басқа ойында Таити командасы Аргентинаны 3:4 есебімен жеңіп, 3 ұпай жинады.

Жағажай футболында ойын барысындағы жеңіске 3 ұпай, пенальти соққыларынан кейінгі жеңіске 1 ұпай беріледі.

 

Тегтер