Ақп 18, 2024 19:47 Asia/Almaty
  • АҚШ Газада атысты тоқтату туралы қарарға вето жариялаймын деп тағы да сес көрсетті

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі АҚШ өкілі: "Егер Газада атысты шұғыл түрде тоқтату туралы қарардың қазіргі нұсқасы дауысқа салынса, бекітілмейді",-деді.

АҚШ бұған дейін 4 рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Газада атысты тоқтату туралы қарардың бекітілуіне кедергі жасады. Алжир қарардың жаңа нұсқасын  ұсынды. Сейсенбі күні осы нұсқа дауысқа салынады.  

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі АҚШ өкілі: "Вашингтон ұсынған тұтқындармен алмасу келісімінің қабылданғанын қалайды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ХАМАС-қа қысым жасап, осы келісімді қабылдатамыз деп міндеттеме алуы тиіс",-деді.

Сионистік режим өткен аптада тұтқындармен алмасу үшін соғысты аяқтап, Газа секторынан шығуды талап еткен Париж келіссөздерінің нәтижесін қабылдамады. Бұдан кейін АҚШ алты апталық атысты тоқтату бітімін ұсынды, бірақ Палестина қарсыласу күштері "Соғысты тоқтату – кез келген тұтқындармен алмасу келісімінің басты шарты" деп жариялады.  

 

Тегтер