Канани: АҚШ Сенатының қаулысы Нетаньяхудың қылмыстарына күніне 100 млн доллар сыйақы беру дегенді білдіреді
(last modified Mon, 19 Feb 2024 10:29:08 GMT )
Ақп 19, 2024 16:29 Asia/Almaty
  • Канани: АҚШ Сенатының қаулысы Нетаньяхудың қылмыстарына күніне 100 млн доллар сыйақы беру дегенді білдіреді

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ Сенатында сионистік режимге 14 млрд доллар көмек беру туралы қаулы бекітілгеніне тоқталып: "Бұл – Нетаньяху мен Газа соғысындағы жендеттері бейбіт палестиналықтарды өлтіргені үшін АҚШ-тан күніне 100 млн доллар алады деген сөз",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани "Х" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "АҚШ Сенатында сионистік режимге 14 млрд доллар көмек беру туралы қаулының бекітілуі – оның өзі америкалық салық төлеушілердің есебінен – мынадай мағына береді: Нетаньяху мен Газа соғысындағы жендеттері бейбіт палестиналықтарды өлтіргені үшін АҚШ-тан күніне 100 млн доллар алады. Адамдарды өлтіруге негізделген озбыр жүйелер ғана жазықсыз адамдарды өлтіруге осыншалықты табандылық танытады",-деп жазды.

Ол жазбасының соңында сионистік режимнің Палестина халқын қырып-жоюына көмектесіп жатқан басты демеушісі америкалықтарға: "Геноцидті тоқтатыңыздар",-деді.

Тегтер