Тәжікстан Президенті Мәскеуде орын алған оқиғаны тексеруге бұйрық берді
(last modified Tue, 17 May 2016 09:07:26 GMT )
Maм 17, 2016 15:07 Asia/Almaty
  • Тәжікстан Президенті Мәскеуде орын алған оқиғаны тексеруге бұйрық берді

Тәжікстан Президенті Ресейді 3 тәжік мигранттың қаза болу оқиғасын әділетті түрде тексеруге бұйрық берді.

ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік торап қызметіне қарасты Тәжік радиосының хабарлауы бойынша, Имомали Рахмон дүйсенбі күні Тәжікстанның Ішкі істер министрі Рамазан Рахимзодаға өзінің ресейлік әріптесімен бірлесе отырып, Мәскеудің Хованский зиратында орын алған қанды қақтығысты тексеруге бұйрық берді.

Тәжікстанның Ішкі істер министрі де өзінің ресейлік әріптесімен телефон арқылы сұхбатында осы мәселені талқылады. Рахимзода екіжақты тексерістердің жүргізілуін, Хованский зиратында орын алған оқиғаға жауаптылардың анықталып, құрықталуын талап етті.

Сондай-ақ, Тәжікстан Парламентінің төрағасы бүгін Мәскеуге сапармен барып, жұмысқа барған тәжік мигранттардың өлтірілу мәселесін Ресейдің жоғары лауазымды қайраткерлерімен талқылайтын болады.

Сенбі күні Мәскеудің Хованский зиратында орын алған қақтығыс салдарынан 3 тәжік азаматы қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Бұл оқиға ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кең ауқымды түрде таралып, Тәжікстан халқының алаңдаушылығын тудырды.