Ақп 20, 2024 19:01 Asia/Almaty
  •  Украина президенті: Батыстың Киевке көмек жіберуді кешіктіруіне байланысты бұл елдің армиясы көптеген қақтығыс аймақтарында қиындықтарға тап болды және оның жағдайы өте нашар

Ресеймен соғыстың алдыңғы шебін аралаған Зеленский: "Украинаға миномет пен алысқа атылатын қару-жарақтың тапшылығынан басқа қорғаныс техникасы қажет",- деді.

.
 

Үш күн бұрын украиндық әскерилер Киевтің осы елдің шығысындағы стратегиялық Авдеевка қаласынан шегінді. Зеленский бұл кері кетудің себебін оқ-дәрілердің жетіспеушілігі және сарбаздардың өмірін сақтап қалу қажеттілігі деп мәлімдеді. Вашингтонның Украинаға жаңа қаржылық қолдау пакеті Америкадағы ішкі келіспеушіліктерге байланысты 4 айдан астам уақытқа кейінге қалдырылды.

Өткен аптада АҚШ Сенаты Украинаны қолдауға арналған 60 миллиард долларлық пакетті мақұлдады, бірақ Өкілдер палатасы оны мақұлдауға асықпайтынын мәлімдеді. Еуропалықтар Украинаны қолдауға арналған 50 миллиард еуро пакетін де мақұлдады, бірақ ол әлі жүзеге асырылмаған.

 

 

Тегтер