Maм 17, 2016 15:32 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың әрекеттеріне жауап қайтарады

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «ИИР АҚШ-тың Иран халқына қарсы әрекеттеріне жауап қайтарады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчи дүйсенбі күні түстен кейін Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының отырысында үкіметті АҚШ-тың Иранға қарсы шаралары мен қылмыстарынан туындайтын шығындарды есептеуге міндеттеу туралы жобаны талқылау жайында: «Америкалықтар ұдайы біржақты әрі әділетсіз түрде Иранға қарсы әрекет етеді. Иран өзін қарымта әрекет жасауға құқылы деп санайды.

Үкіметті АҚШ-тың Иранға қарсы шаралары мен қылмыстарынан туындайтын шығындарды есептеуге міндеттеу туралы жоба «Ортақ» қадам жан-жақты бағдарламасына қайшы келмейді. Мұнымен қоса, халықаралық қарым-қатынас қарымта әрекет жасауға негізделген»,-деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының ақпарат өкілі Ноузар Шафии де осы отырыста: «Осы уақытқа дейін Иранның Сот органы АҚШ-на қарсы құны 50 млрд долларды құрайтын үкім шығарды. Қазір де құны 170 млрд долларды құрайтын істер өз үкімін күтіп тұр»,-деді.

Тегтер