Ақп 28, 2024 16:54 Asia/Almaty
  • Иран мен Финляндия Сыртқы істер министрлері Женевадағы Адам құқығы кеңесінің отырысы аясында кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Финляндия Сыртқы істер министрімен кездесуінде Газада 30 мыңға жуық бейбіт тұрғынның өлтірілуіне тоқталды.

 

Иран Сыртқы істер министрі Финляндия Сыртқы істер министрімен кездесуінде Газада 30 мыңға жуық бейбіт тұрғынның өлтірілуіне тоқталып: "Өкінішке орай, адам құқықтарын саясаттандырып, адам құқықтарын талап ететін елдер осы жан түршігерлік өлтірулерге қатысты фактілерді анықтау комиссиясының құрылуына рұқсат бермеді»,- деді.

Финляндияның Сыртқы істер министрі де Газадағы адамдық трагедияны екі елдің ортақ алаңдаушылығы деп атап: «Финляндия Газадағы адами трагедияны болдырмау үшін күш салудың жалғасуына сенеді»,- деп айтты.

Иран мен Финляндия Сыртқы істер министрлерінің кездесуі Женевадағы Адам құқығы кеңесінің отырысы аясында өтті.

 

Тегтер