Нау 11, 2024 19:03 Asia/Almaty
  • Ирандық шахматшы Францияда өткен турнирде жеңімпаз атанды

Ирандық гроссмейстер Пуйя Идани Францияда өткен жылдам шахмат турнирінде жеңіске жетті.

Францияның "Cappelle-la Grande Open" жарысының рапид бөлімінде  Пуйя Идани 9 ойыннан 8 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Пуйя Идани осы турнирдің стандартты жарысында бесінші орын алды.

Өткен аптада ирандық гроссмейстер Мұхаммед Амин Табатабаи Ресейдің "Аэрофлот " турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Мұхаммед Амин Табатабаи

 

  

 

Тегтер